«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕУРОПАДА ФУТБОЛ ТОЙЫ БАСТАЛАДЫ

Футболдан Еуропаның 17-ші чемпионатының басталуына санаулы күндер қалды. Еуро-2024 турнирі 2024 жылдың 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді. Германия бұған дейін 1988 жылы Еуропа чемпионатын өткізген. Төрт жылда бір келетін Еуропа чемпионатын асыға күтетін жанкүйерлер де аз емес. Жан алысып, жан беріскен жасыл алаңдағы ойын кімді болса да бейжай қалдырмасы анық. Ала допқа арбалған жанкүйерлер алдағы бір ай бойы түнде түсінен айырылып, күндіз ісінен береке кетіп, күні бойы ұйқы қысып әрі-сәрі болып жүрмек.

Турнирдің жүлде қоры

2024 жылғы Еуропа чемпионатының жалпы приздік қоры 331 миллион еуроны құрайды. Чемпионатқа қатысқан әрбір ұлттық құрама командасы 9,25 миллион еуро алады. Әрбір жеңіс үшін УЕФА 1 миллион еуро, ал тең ойын үшін 500 мың еуро береді.

Еуро 2024-тің 1/8 финалына шыққан әрбір команда 1,5 миллион еуро алады. Ширек финалға өткен команда 2,5 миллион еуро, ал жартылай финалға шыққан команда 4 миллион еуро табыс табады.

Еуро 2024-тің вице-чемпионы 5 миллион еуро алады, ал чемпион команда 8 миллион еуро қосымша табыс табады. Егер команда топтық кезеңдегі барлық қарсыластарын жеңсе, оның жалпы приздік сомасы 28,25 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін.

Ойындар 10 қалада өтеді

Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің матчтары Германияның 10 қаласында өтеді. Олар: Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф, Франкфурт, Гельзенкирхен, Гамбург, Кельн, Лейпциг, Мюнхен және Штутгарт.

Еуропа чемпионаты туралы қызықты деректер мен дәйектер

Футболдан Еуропа чемпионаты – УЕФА басшылығымен өткізілетін ұлттық құрамалар арасындағы негізгі жарыс.

1960 жылдан бастап жарыс 4 жылда бір рет өткізіліп тұрады.

Басында Еуропа ұлттарының кубогы деп аталып, 1968 жылы Футболдан Еуропа чемпионаты атауына ауыстырылды.

Алғашқы Еуропа чемпионаты 1960 жылы Францияда өткізілді.

Франция – Eуропа чемпионатын үш рет өткізген жалғыз ел.

1980 жылға дейін финалдық турнирлерге тек төрт құрама ғана қатысты.

1980 жылға дейін үшінші орын иесін анықтау үшін матч өткізіліп тұрды.

1984 жылдан бастап үшінші орын үшін ойналмайтын болды, жартылай финалда жеңілген екі құрама да қола жүлдегер атана беретін болды.

Мишель Платини мен Роналду – Еуропа чемпионаты тарихындағы ең мықты мергендер. Еуропа Кубогының алғашқы иегері КСРО құрамасы болды.

2020 жылғы чемпионат пандемияға байланысты 2021 жылға ауыстырылды.

Финалдық ойындағы ең үлкен жеңіс — 2012 жылғы Еуропа чемпионатындағы Испания-Италия матчы (4:0).

Статистика мен болжам

Еуропа чемпионатында ең көп топ жарған құрама – Гер­­мания (1972, 1980, 1996). Сондай-ақ тәртіп өмір сал­ты деп білетін немістер үш мәрте (1976, 1992, 2008) фи­нал­­ға шыққан. Екінші орында Ис­па­ния құрамасы тұр. «Қызыл фурия» өкілдері де чемпионатта 3 рет (1964, 2008, 2012) жеңіске жетіп, 1 рет (1984) финалда қар­сыласына жол берді. Үздік үш­тікті Италия түйіндеп тұр. Италиялық футболщылар (1968, 2020) жеңіс тұғырынан көрінді. Екі мәрте (2000, 2012) финалда сүрінді. Төртінші орында Франция елінің футболшылары 2 рет (1984, 2000) кубокты басынан асыра көтерген. Ал 1 мәрте (2016) финалда сүрінді.

Биылғы біріншілікке Еуро­паның жеті чемпионы (Италия, Испания, Фран­ция, Нидерланд, Германия, Португалия, Дания) қа­тысып жатса, доп додасындағы жағыз дебютант – тарихи жеңісіне қол жеткізген Грузия құрамасы болмақ.

 

«Еуро-2024» додасының кестесі

14 маусым:

23:40 Ашылу салтанаты

00:00 Германия – Шотландия

15 маусым:

18:00 Венгрия – Швейцария

21:00 Испания – Хорватия

00:00 Италия — Албания

16 маусым:

18:00 Польша – Нидерланд

21:00 Словения – Дания

00:00 Сербия – Англия

17 маусым:

18:00 Румыния – Украина

21:00 Бельгия – Словакия

00:00 Аустрия – Франция

18 маусым:

21:00 Түркия – Грузия

00:00 Португалия – Чехия

19 маусым:

18:00 Хорватия – Албания

21:00 Германия — Венгрия

00:00 Шотландия – Швейцария

20 маусым:

18:00 Словения – Сербия

21:00 Дания – Англия

00:00 Испания – Италия

21 маусым:

18:00 Словакия – Украина

21:00 Польша – Аустрия

00:00 Нидерланд – Франция

22 маусым:

18:00 Грузия – Чехия

21:00 Түркия – Португалия

00:00 Бельгия – Румыния

23 маусым:

00:00 Шотландия – Венгрия

00:00 Швейцария – Германия

24 маусым:

00:00 Албания – Испания

00:00 Хорватия – Италия

25 маусым:

 21:00 Нидерланд – Аустрия

 21:00 Франция – Польша

 00:00 Дания – Сербия

 00:00 Англия – Словения

26 маусым:

21:00 Словакия – Румыния

21:00 Украина – Бельгия

00:00 Чехия – Түркия

00:00 Грузия – Португалия

29 маусым:

21:00 1/8 финал,

00:00 1/8 финал

30 маусым:

21:00 1/8 финал,

00:00 1/8 финал

1 шілде:

21:00 1/8 финал,

00:00 1/8 финал

2 шілде:

21:00 1/8 финал,

00:00 1/8 финал

5,6 шілде:

21:00 Ширек финал

9,10 шілде:

00:00 Жартылай финал

14 шілде:

0:00 Финал

Бұл бәсекелерді көрермендер «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналарынан тамашалай алады.

Дайындаған: Шахкерім АБАЙ

Ұқсас ақпараттар

МЕКТЕПКЕ 1121 ОҚУШЫ ҚАБЫЛДАНАДЫ

admin_mugalzhar

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен бұрқасын болады

admin_mugalzhar

Қазақстандық шорт-трекші Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.