«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАРЫМ» ЕРЕКШЕ ЫСТЫҚ

Мен алғаш еңбек жолымды 2020 жылы оқуымды аяқтағаннан кейін «Жастар тәжірибиесі» бағдарламасы арқылы «Мұғалжар» газетінде бастаған едім. Мемлекеттік бағдарлама жолдаманы газет редакциясына берген сәтте қатты қорыққанымрас. Себебі филолог мамандығын бітірген менің журналистикадан дым хабарым болмаған еді. Бірақ мен редакция ұжымы жылы қабылдады. Ол уақыт коронавирус індетінің өршіп тұрған кезі болғандықтан қашықтан жұмыс жасадық. Ең алғашқы жазған мақалам өзімнің туыпөскен ауылым туралы болды. Біраз уақытқа дейін мақала жазу мен үшін оңай болмады. Қателіктер жіберіп, ескерту алған кездерімкөп болды. Апайларымның берген ақыл кеңестерінің арқасында көп нәрсе үйреніп, бағыт-бағдар алдым. Сөйтіп «Мұғалжар» газеті менің ыстық ұяма айналды. Осы жерде 3 жылға жуық жұмыс жасап, ақпарат жазып, мақала дайындап, журналистиканы үйренуге тырыстым. Жұмыс барысында түрлі мамандық иесімен сұхбаттасып, жан-жақты өзімді дамыттым. Қазіргі таңда өзімнің ауылым Жұрында Қ. Жұбанов атындағы орта мектепте жұмыс жасаймын. Бұл жұмысымда өзіме ұнайды. Дегенмен ең алғаш қызметтес болған ұжымдастарым яғни, «мұғалжарлықтарым» ерекше ыстық.
Әміржан ӨМІРТАЕВ

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның 100 мектебінде пилоттық режимде буллингке қарсы бағдарлама іске қосылады

admin_mugalzhar

Жұлдыз Сүлейменова: Жаңа Конституцияда табиғатты қорғау қағидаттары айқындалды

admin_mugalzhar

Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.