«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕКІ ОТБАСЫ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Отбасы институтын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Биылғы жылы да байқау жалғасын тауып, аудандық кезеңіне аудан бойынша төрт отбасы үміткер болып, құжаттарын тапсырған болатын. Бүгін аудан әкімінің орынбасарасы Бекболат Құлмағамбетовтың төрағалығымен комиссия отырысы өтіп, арнайы құрылған комиссия ұсынылған төрт отбасының құжаттарын саралады. Комиссия шешімімен аудандық кезең жеңімпаздары боп табылған жұрындық Сейтімовтер мен Батпақкөл ауылдық округінен қатысқан Омаровтар отбасы облыстық кезеңге жолдама алды.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет бұл мәселелерді шешу үшін қажетті барлық шараларды қабылдайды

admin_mugalzhar

Контроль за ценами по-кандыагашски

admin_mugalzhar

«Тек сот шешімімен ғана» – Қазақстанда тұрғын үй құқығына кепілдікті конституциялық деңгейде күшейту ұсынылды

admin_mugalzhar