Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында халқымыздың қанына жанашырлық, қамқорлық, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттер сіңгенінатапөтті. Осы орайда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп, «Игі істер марафоны» жобасы қолға алынды.
Жоба аясында күнтізбедегі маңызды күндерге, халықаралық және түрлі әлеуметтік, мәдени тақырыптарға арналған «Жақсылық апталығы» мен жыл сайынғы тақырыптық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Тақырыптар атауы жыл сайын өзгеріп отырады. Бұл әлеуметтік жауапкершіліктің түрлі салаларына қызығушылықты арттыра отырып, өзекті мәселелердің алуан түрлілігі мен кең ауқымын қамтиды. «Игі істер марафонының» осы аптасы экологияға арналып отыр. Қоғам өмірін жақсартуға үлес қосып жүрген қазақстандықтарды біріктіріп, ізгілікке үндейтін дәстүрлі ұлттық жоба — «Игі істер марафоны» ауданда да басталып, 9-14 шілде аралығында «Экология» апталығы өтті.
Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен экологиялық бастамаларды ілгерілету және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын ескере отырып, Қандыағаш қаласы, Сағашилі, Жұрын, Егіндібұлақ, Ащысай, Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округтерінің белсенді жастары қала және ауыл көшелерін қоқыстан тазартып, әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізді. Аудан көлемінде игі шараға1 мыңнан астам жас қатысып, 3 техникамен 1 тонна қоқыс шығарылды.
— «Игі істер марафоны» аясындағы 12-18 тамыз аралығында «Жастаркүніне арналған апта», 23-29 қыркүйек аралығында «Қарттар күніне арналған апта», 3-9 қазан аралығында «Жануарларды қорғау күніне арналған апта», 4-10 қараша аралығында «Инклюзия» апталығын өткізу үшін іс-шаралар жоспары құрылуда. Барша аудан жастарын осы іс-шараларға атсалысуға шақырамын, — дейді орталық басшысы Дәулет Серікбаев.
Айта кетейік, жобаға қатысу үшін жасаған игі іс туралы әлеуметтік желілерде ақпарат жариялап, Qazvolunteer.kz онлайн платформасында тіркеуден өту қажет. Марафон қорытындысы бойынша, еңбелсенді қатысушылар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Жобаға қатысу үшін толық ақпарат пен нұсқаулықты Qazvolunteer.kz сайтынан алуға болады және әлеуметтікжелідегі @kz_nvs және @qazvolunteer.kz парақшаларынан таба аласыздар.
А.МАНАСБАЕВА