«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЛАНЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Ауданға жұмыс сапарымен
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің бас эксперті Назгүл Садуова, ҚР Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитеті Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қият Жұмабаев келді.

Сапар аясында Қандыағаш қаласының қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстарын қарады.
Аудан орталығында 120 көпқабатты және де 3600-ге жуық жер үйлер орналасқан. «Коммуналшы» мекемесінің басшылығы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің бас эксперті Назгүл Садуоваға жылыту қазандықтарын қысқа дайындау бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Аудан орталығында жылу қазандықтарын жөндеуден өткізу, тозығы жеткен жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.
Сонымен қатар Қандыағаштағы №3 қазандықта көп жылдан бері қызмет етіп, әбден тозған үш қондырғы алынып, орнына жаңасы қойылды.

Ұқсас ақпараттар

Ядролық отынды пайдалану тәуекелі

admin_mugalzhar

БІР ҮЙДІҢ ТОҒЫЗ ҚЫЗЫ

admin_mugalzhar

Сергей Пономарев: жаңа Конституция Қазақстандағы келісім мен бірлікті қамтамасыз етудің сенімді тірегіне айналады

admin_mugalzhar