«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — ТҰРҒЫНДАРҒА МҮМКІНДІК

Эдуард САЛАМАТ, кәсіпкер:

Бүгінде кәсіпкер боламын деушілерге мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндіктер берілуде. Соның бірі — «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Осы бағдарлама арқылы көптеген ауыл азаматтары жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, кәсіптерінің көкжиегін кеңейтті. Мен де осы бағдарламаның игілігін көріп, отбасылық кәсіпкерлікті дамытып отырмын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында «Ауыл аманаты» жобасына тоқталып, жобаның нәтижелілігін тілге тиек етіп, оны одан әрі дамыту қажеттігін айтты. Сондайақ осы бағдарламаның бір тармағы «тауарлы несиені» жандандыруға тапсырма берді. Бұл бағдарлама шындығында ауыл тұрғындары үшін өте қолайлы. Олар жеңілдетілген несие алу арқылы өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы кәсіпкерлер мен инвесторларды өз жұмысын адал жүргізуге шақырып, заңды сақтап, салық төлеуден жалтармауы қажеттігін ескертті.

Ұқсас ақпараттар

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР: АУЫЛҒА ГАЗ ТАРТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысы су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің қатарында

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.