«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САҒА АУЫЛЫНДА КӨПІРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Аудан әкімі Д.Ермағанбетовтың Батпақкөл ауылдық округі Саға ауылының тұрғындарымен кездесуі барысында көктемгі су тасқыны кезінде қиындық ететін ауылішілік қатынасты реттеу мақсатында адамдар жүретін көпір салып беруді сұраған болатын. Аудан басшысы бұл мәселе бойынша округ аумағындағы кәсіпорындармен келіссөздер жүргізді.

Нәтижесінде тұрғындардың ұсыныстары ескеріліп, Батпақкөл ауылдық округінің әкімі М.Боқашевтың ұйымдастыруымен «СНПС Ақтөбемұнагаз» АҚ-на қарасты құрылыс басқармасының демеушілігімен көпірдің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарына 6 техника, 17 жұмысшы жұмылдырылды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталып көпір пайдалануға берілді.

Ұқсас ақпараттар

Шетелдерден келгендерге 440 орындық стационар ашылды

admin_mugalzhar

САҒА АУЫЛЫНА ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

admin_mugalzhar