«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Мұғалжар ауданының прокуроры болып Алдияр Ерназар тағайындалды. Тағайындау жиынына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, Ақтөбе облысының прокуроры Халидулла Дәуешов және осы уақытқа дейін аудан прокуроры қызметін атқарған Сәнібек Тілеулесов қатысты.


Жиында алғаш болып сөз алған Ақтөбе облысының прокуроры Халидулла Дәуешов қызметке жаңа келіп жатқан Алдияр Ерназарды жиналғандарға таныстырып, алдағы уақытта заңдық нормаларды сақтап, адам құқығын қорғауда бірлесіп елеулі еңбек етуге ынталы екенін жеткізді.
Алдияр Смағұлұлы 1984 жылы Шалқар ауданында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын 2006 жылы Мұғалжар ауданы прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы болып бастаған ол жылдар желісінде Мұғалжар ауданы прокурорының көмекшісі, прокурордың аға көмекшісі, Ақтөбе қаласы прокурорының тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі көмекшісі, Ақтөбе қаласы прокурорының сот актілерінің заңдылығын қадағалау және қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету жөніндегі аға көмекшісі, Ақтөбе қаласы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекет мүддесіне өкілдік ету бөлімінің аға прокуроры, Ақтөбе облысының прокуратурасы қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Ақтөбе облысы прокуратурасы қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры, Темір ауданы прокурорының орынбасары, Мәртөк ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.


Жиын соңында аудан әкімі Дархан Ермағанбетов осы уақытқа дейін аудан прокуроры қызметін атқарған Сәнібек Тілеулесовке ризашылығын білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда мемлекеттік сатып алуды бақылаудың жаңа элементтері енгізілуде

admin_mugalzhar

«ЖҰМЫС БЕРУШІ КҮНІ» ӨТТІ

admin_mugalzhar

ЖАҚСЫ ЕНЕ АНАҢДАЙ, ЖАҚСЫ КЕЛІН ҚЫЗЫҢДАЙ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.