«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын кеңінен түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық топ мүшелері түсіндіру жұмыстарын бастады. Облыстық топ мүшелері Ақкемер ауылының тұрғындарымен кездесті.

Топ құрамында топ жетекшісі, «Атамекен» студенттер отрядының жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы Нұржан Шаңғытбаев, еңбек ардагері Нұрхан Ақниязов, облыстық мәслихат депутаты Наурызбек Сарбасов, «Jan ahual» психологиялық қолдау орталығының психологі Медеухан Жасжанова, облыстық ардагерлер кенесінің жауапты хатшысы Замзагул Бимағамбетова болды.

Кездесуде топ мүшелері Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті.

Сонымен қатар кездесуде ауыл тұрғындары Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты сауалдарын жолдады. Топ мүшелері жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне жауаптарын берді.

Ұқсас ақпараттар

СҮЙЕК ДОМБЫРА — МУЗЕЙДІҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРІ

admin_mugalzhar

2023 жылы туристер үшін әлемдегі 7 қауіпсіз қала аталды

admin_mugalzhar

Коронавируспен күреске 265 млрд теңге бөлінеді

admin_mugalzhar