«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАНАРЫС РАХМЕТҚАЛИ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Ұлттық құрама дзюдошысы жерлесіміз Жанарыс Рахметқали 66 келі салмақта Хорватия мемлекетінің Загреб қаласындағы Гран-придің жеңімпазы атанды.

Жанарыс сайыста Хорватия, Сальвадор, Грузия,, Ұлыбритания (финал) елдерінен келген қарсыластарының алдын орап алғаш рет Гран-при чемпионы атанды.

Ембі қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Жанарыс 2023 жылы ересектер арасында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.
Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз.

Ұқсас ақпараттар

Қандыағашта 3 маршрут шығады

admin_mugalzhar

Тұтыққан ұрпақ: Логопедия бизнес пе, әлде көмек пе?

admin_mugalzhar

Бірінші сынып оқушыларына қыста қосымша демалыс беріледі

admin_mugalzhar