«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

Аудандық мәслихат депутаттарының ашық дауыс беру нәтижесімен Мұғалжар аудандық мәслихатының төрағасы болып Камшат Камалұлы Ермағамбетов сайланды.

Камшат Ермағамбетов 1984 жылы Мұғалжар ауданы, Қаракөл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінде инженер-механик мамандығы бойынша білім алған. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы «Орқаш-А» ЖШС-де слесарь-маторист ретінде бастаған. Әр жылдары «Орқаш-А» ЖШС-де механизатор, бас инженері, Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, Жұмыспен қамту мониторингі және халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы,«AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалынын Ұйымдастыру және бақылау бөлімінің менгерушісі қызметтерін атқарған.

2022 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Орқаш орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры қызметін атқарып келді. Мұғалжар аудандық мәслихаты VIIІ шақырылым депутаты.

Аудан әкімі Дархан Жанысханұлы жаңадан сайланған аудандық мәслихат төрағасы Камшат Камалұлының қызметіне сәттілік тіледі.

Ұқсас ақпараттар

Димаш Джеки Чанның жаңа фильміне ән орындады

admin_mugalzhar

МӘРТЕБЕЛІ МӘУЛІТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

admin_mugalzhar

Су ресурстары қатаң бақылауда: көлеңкелі нарықпен күрес алғашқы нәтижесін берді. 2025 жылдың басынан су заңнамасын бұзушылардан 2,9 млн теңге өндірілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.