«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА 11 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДАРҒА ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ

Ел бойынша адам паппилома вирусына қарсы екпе салу науқаны басталғаны белгілі. Ал осы аптаның басында ауданға вакцинаның алғашқы легі жеткізіліп, ембілік-қандыағаштық 11 жасар 2 қыз балаға екпе салынды.

Ресми деректерге сүйенсек, елімізде әйелдер арасында жатыр мойыны обыры барлық қатерлі ісіктер бойынша екінші орында тұр. Ал күн сайын әрбір екінші әйел, жылына 600-ге жуық науқас осы патологиядан көз жұмады екен. Отандық дәрігерлер вакцина салудағы мақсат – аталған вирустан туындайтын ауру көрсеткішін азайту екенін айтады.

17 қыркүйекте «Адам папилломасына қарсы екпе салу бойынша» Қаулыға қол қойылды. Қаулыға сәйкес 11 жастан 13 жасқа дейін қыздарға вакцина егіледі. Мұғалжар ауданы бойынша толық жасы 11-ге толған 600 қыз балаға вакцина салу жоспарлануда. Екпе адам пипиломасы вирусының 4 түрінен қорғайды. Ол иыққа, бұлшық етке салынады. Вакцинациялау емханаларда және мектептерде екпе салу кабинеттерінде жүргізіледі. Екпе ата-аналардың рұқсатымен ғана жасалады, — деді Мұғалжар аудандық санитарлықэпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Мұратов.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Euro 2024: Қазақстан футбол құрамасының ойын кестесі анықталды

admin_mugalzhar

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

admin_mugalzhar

БҮЛДІРШІНГЕ – НҰР МЕН ШУАҚ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.