«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДАУЫС БЕРУШІ ҚАНДЫАҒАШТЫҚТАР ҚАТАРЫ КӨП

Қандыағаш қаласында орналасқан №308 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берушілердің қатары көп. Сайлау учаскесінің төрағасы Гүлмира Мусина аталған сайлау учаскесіне жалпы саны 2329 сайлаушының тіркелгенін айтты. Қазіргі уақытта 300-ден астам сайлаушылар келіп, өз таңдауларын жасаған. Алғаш рет саяси науқанға қатысып, таңдауын жасағандардың ішінде Диас Мыңбаев та бар. Сайлау учаскесі орналасқан Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің алдында мерекелік шара ұйымдастырылып, жас өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, дауыс беруішілердің көңіл-күйін көтеруде. Ұлттық ойын түрлері де ұйымдастырылуда. Айталық, бестас, тоғыз құмалақ, асық ату секілді ойын түрлеріне қатысып, жүлделі болғандар сайлау учаскесінің төрағасы Гүлмира Мусинаның Мадақтамасына ие болды. Сонымен бірге қала кәсіркерлерінің жәрмеңкесі де өтуде. Келушілер өз таңдауларын жасап қана қоймай, жәрмеңкеден жеміс-жидектер мен тәтті тоқаштар сатып алуда.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр

admin_mugalzhar

Аким города отчитался перед населением

admin_mugalzhar

ЕМБІЛІКТЕР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

admin_mugalzhar