«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — ҚОҒАМ ДЕРТІ

Аудан әкімдігінде «Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару» семинары өтті.

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақтөбе облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен өткен семинарға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Саида Сәдуақасова, облыстық мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қият Жұмабаев, облыстық тексеру комиссия мүшесі Асылан Төлебаев, мемлекеттік мекеме басшылары, қалалық және ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандары қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға жергілікті атқарушы органдар сыбайлас жемқорлық заңнамасының талаптарын сақтау, бюджет қаражатын тиімді игеруде дұрыс жұмыс жасау жолдары кеңінен түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлықтың көп бөлігі мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алу заңнамасының дұрыс пайдаланбауы салдарынан орын алатындығы айтылды.
Семинарға қатысушылар толғандырған сауалдарын жолдап, нақты жауаптарын алды.

Ұқсас ақпараттар

3 аптадан бері азық-түлік арзандап жатыр – министрлік

admin_mugalzhar

ШАҢЫРАҚТЫҢ ДІҢГЕГІ – АУЫЗБІРШІЛІК ПЕН СЫЙЛАСТЫҚТА

admin_mugalzhar

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.