«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Декларация тапсырмаған қазақстандықтардың есепшоттары бұғатталады

16 қыркүйекте Қазақстанда жаппай декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталды. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті декларация тапсырмағандардың ендігі жағдайы не болатынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Бұл кезеңде басшылық қызметтегілер, заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер, олардың жұбайлары өткен жылға арналған 250.00 нысаналы декларацияны тапсыруы тиіс болған. 1 қаңтарда басталған тапсыру мерзімі 16 қыркүйекте аяқталды.

Декларацияны тапсырмаған тұлғаларға салық заңнамасында белгіленген салықтық есептілік мерзіміне дейін хабарландыру жолданды. Мұндай салық төлеушілер декларация тапсыруы немесе хабарландыруды алған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде түсініктеме беруі қажет.

«Декларация тапсырмаған салық төлеушілерге банктегі есепшоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату түріндегі шара қолданылады», — деді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына үндеу жолдайды

admin_mugalzhar

Филиппинде «Вамко» тайфуны құрбандарының саны 26-ға жетті

admin_mugalzhar