«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ»: ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫАРТТЫРУҒА – МҮМКІНДІК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасы бүгінде өз нәтижесін беруде. Үкімет пен AMANAT партиясының бірлесіп қолға алған жобасы аудан аумағында да ұйымдастырылып, тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруда.

AMANAT партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Роза Мүсенова аталған жоба ауданда да осы жылдың 24 маусым және 1 қараша аралығында ұйымдастырылып, жалпы саны 758 адам қаржылық сауаттылығын арттырғанын жеткізді.

— Қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған курстарға тартылған 758 адамның 511-і Қандыағаш қаласының, 126-сы Ембі қаласының, 31-і Жем қаласының, 32- сі Ақкемер, ал 58-і Сағашилі ауылдарының тұрғындары. Оларға қаржылық сарапшы Айгүл Сексенова оқыту бағдарламасына сәйкес қаражатты дұрыс жоспарлауды, отбасы бюджетін қалыптастыруды, несие алу мен қайтару ережелерін түсіндіріп, теориялық білім берді. Сонымен бірге заңгерлер тарапынан тұрғындардың бұғатталған шоттарын шешу бойынша, несиені мерзімінен кеш төлеу мәселесіне байланысты ақпараттар беріп, банктерге хат жолдауға көмек көрсетті. 40 сағаттық оқудан өткен барлық қатысушыға арнайы ақпараттық кітапшалар мен сертификаттар табысталған. Оқу курсынан өткендердің жас ерекшеліктері 18-70 жас аралығындағы адамдар, — деді Роза Мүсенова.

Оның сөзінше, бүгінде ауылдық жерлерде қайтарымсыз грант алғысы келетін және «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, жеңілдетілген несиеге ие болғысы келетін тұрғындардың қарасы көп. Қаржылық сарапшылар мен заңгерлер осы тақырып төңірегінде де тұрғындарға толық мағлұмат берген.

— Сонымен бірге банктен алған несиесін төлей алмай есепшоты бұғатталған, төлем қабілеттілігі жоқ, интернет алаяқтарына алданып, ақшасыз қалған, соның салдарынан банкроттыққа өтініш беруге дайын тұрғындар да жетерлік. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында жоғарыда аталған санатқа жататын көптеген тұрғындарға қаржылық, заң тұрғысында кеңестер берілді. Қатысушылар ауданымызда оқыту курстарын өткізуге мұрындық болған «AMANAT» партиясына алғыстарын жеткізуде, — деді Роза Наурызбайқызы.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның тоғыз облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ болады

admin_mugalzhar

КЕРУЕН КӨРКІ — ӘН МЕН ЖЫР

admin_mugalzhar

«DARINA AQUA»: ТАБИҒИ ТІРШІЛІК НӘРІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.