«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды

Ақтөбеде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Ол 15-18 қараша аралығында «Қоныс» спорт кешенінде өтеді. Жарысқа 17 облыстан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкенттен 500-ге жуық қатысушы келді. Спортшылар жеті салмақ дәрежесінде медаль үшін бақ сынасады.

Чемпионатқа аралас командалық жарыстар да кіреді, олардың жеңімпазы Қазақстан Кубогін иеленеді. Былтыр бұл кубоктіҚызылорда облысының командасы жеңіп алды.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады. Жаңартылған құрамда ел құрамасы желтоқсан айында өтетін Токиодағы Grand Slam сериясының соңғы турнирінде өнер көрсетеді.

Айта кетейік, «Қоныс» спорт кешеніне кіру тегін.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Ұқсас ақпараттар

30 градусқа дейін аяз. 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

admin_mugalzhar

БАЛАБАҚШАДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

admin_mugalzhar

ЖАҢА САЯБАҚ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.