«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Енді «Болашақ» бойынша бакалавриатта оқуға болады

Бағдарлама бойынша мектепте халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында жеңіске жеткен талапкерлерге шетелде бакалавриатта білім алуға мүмкіндік беру ұсынылады.Мәжіліс отырысында депутаттар «Болашақ» бағдарламасын кеңейту туралы норманы қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz.  cайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Депутат Асхат Аймағамбетов мәліметінше, бағдарлама бойынша мектепте халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында жеңіске жеткен талапкерлерге шетелде бакалавриатта білім алуға мүмкіндік беру ұсынылады.

Қазір «Болашақ» бағдарламасы тек магистратура мен докторантураға арналған.

«Жетекші шетелдік университеттер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына бірден бакалавриатқа грант ұсынады, соның нәтижесінде олар шетелге кетіп қалады. Осы кезеңде біз тиісті қолдау ұсына алмадық, сондықтан біз жиі мұндай дарынды жастардан айырылып қалдық. Олар тек шетелде білім алып қоймай, кейін сол жақта қалып қоятын еді», – деп түсіндірді Аймағамбетов.

Аймағамбетов алдағы уақытта жағдай өзгеретінін және елімізде жас таланттарды ұстап қалуға көбірек мүмкіндік пайда болатынын айтты.

 

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШТА БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Баянды бастамалар жылы – Берік Уәлимен сұхбат

admin_mugalzhar

ОБЛЫСТЫҚ ЖАЙДАРМАНШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.