«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ИМАМЫ 100 000 ТЕҢГЕ СЫЙАҚЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Жуырда өкіл имам Төлеби Оспанның төрағалығымен қала және аудан имамдары жыл жұмысын қорытындылап, есеп берді. Соның ішінде Мұғалжар ауданының имамы Ерболат Жүсіповтің ұйытқы болуымен аудан мешіттерінде атқарылған жұмыстарға оң баға берілді. Қайырымдылық және жат ағыммен жұмыс бағытындағы ауқымды іс-шаралар айрықша атап өтілді.

Жыл бойына белсенділікпен еңбек еткен аудан имамы Ерболат Нұрылдаұлына 100 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілді. Марапат «Қоныс» спорт сарайында Мәуліт мерекесінде салтанатты түрде табысталды.

Естеріңізіге сала кетейік, Ақтөбе өкілдігі ұйымдастыруған Мәуліт кешіне наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, облыс әкімінің орынбасары Ербол Жолдасбекұлы, «Уақып» қорының президенті Қайрат Айтбай, өкіл имам Төлеби Оспан, өзге де мәртебелі меймандар қатысты. Кештің басты қонақтары – «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театры болды. Залда 2 500-ге жуық көрермен жиналып, өнер жұлдыздарының тағылымға толы сахналық қойылымдарын тамашалады. Құран оқылып, Мәуліт жыры айтылды.

Мешіттің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Мұғалжарға жаңа серпіліс берген медорталық

admin_mugalzhar

РАМАЗАН — РАҚЫМ АЙЫ

admin_mugalzhar

ФОТОБАЙҚАУ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.