«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде облысында Президент тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау нысандары бой көтеруде

Ақтөбе облысында Президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бірқатар нысандар салынып жатыр. 

Соның ішінде, Алға ауданының Тоқмансай ауылында жақында күніне 25 адамды қабылдауға қауқарлы жаңа медициналық пункт ашылады. Бұған дейін жергілікті дәрігер ескі ғимаратта 300-ге жуық ауыл тұрғынына көмек көрсеткен. Заман талабына сай медициналық пунктте жалпы практика дәрігерінің кабинетінен бөлек процедуралық, күндізгі стационар және дәріхана пункті жабдықталуда. Нысан желтоқсан айының басында халық игілігіне берілмек.

Ал Мұғалжар ауданының Жарық ауылында жаңа медициналық пункттің құрылысы жанданды. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.

Мұғалжар аудандық ауруханасында жаңа жылдан бастап Ауданаралық тері арқылы коронарлық араласу орталығын ашу үшін қосымша нысан салу жұмыстары басталады. Бұл аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттырады, сондай-ақ Ақтөбе-Астрахань автожолында орын алатын Төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді жеделдетеді.

Ұқсас ақпараттар

ҚОЛА ТҮСТІ ҚОРЖЫНҒА

admin_mugalzhar

АТА ЗАҢҒА — 28 ЖЫЛ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР: АУЫЛҒА ГАЗ ТАРТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.