«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ішкі істер министрлігі үндеу жасады

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі құқық тәртібін және кез келген заң бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтті, — деп жазды turkistan.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Ведомство басшысы, Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев атап өткендей, ведомствоның басты ұстанымы – заңдылық.

«ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті жедел басқару орталықтары мен патрульдік қызметтің жұмысын белсенді қадағалауда. Жедел басқару орталықтары патрульдік полицейлердің жұмысын тәулік бойы бақылауда ұстайды. Қызметкерлер өздігімен сөндіре алмайтын «смартжетондармен» жабдықталған. Бұл құрылғылар белгіленген талаптардан ауытқуға мүмкіндік бермейді, барлық әрекеттер үнемі жазылып отырады», – деді Шыңғыс Әлекешев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, жасанды интеллектпен біріктірілген бейнебақылау камераларынан алынған деректерді талдайтын жүйе қолданылады. Бұл кез келген бұзушылықтарды анықтауға және оларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

«Полицияның жұмысы әрбір заң бұзушыны оның мәртебесі мен лауазымына қарамастан тиісті жауапкершілікке тартуға бағытталған. Ешкімге ешқандай артықшылық берілмейді. Патрульдік полицейлер заң талаптарын қатаң түрде сақтайтынын атап өткім келеді. Олардың тарапынан кез келген заңсыз әрекеттер үшін сәйкесінше жауапкершілік көзделген. Біз азаматтарды заңды сақтауға, полицейлердің заңды талаптарын орындауға, лауазымды тұлғаларға пара ұсыну әрекеттеріне бармауға шақырамыз», – деді Шыңғыс Әлекешев.

ІІМ және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасында тиісті меморандумға қол қойылғанын еске саламын. Оның аясында жемқорлықпен күрес одан әрі нығая түспек, деп атап өтті Алекешев.

«Егер сiз қызметкерлердің әдепсіз іс-әрекеттерінің куәсі болсаңыз, дереу ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментіне немесе 1402 сенім телефонына хабарласыңыз. Тек бірлесе жұмыс істей отырып, біз қоғамда қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті және әділеттікті қамтамасыз ете аламыз», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Ұқсас ақпараттар

Всех казахстанцев обязали отработать 3 года после вуза, если учились по гранту

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

ҰЛТТЫҚ ПАЛАТА: ОНЛАЙН-САУАЛНАМА БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.