«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тереза Мэй Путинді даттайды, Трамп мақтайды!

New York Times колумнисі Эндрю Розенталь британ үкіметінің басшысы Тереза Мэй мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей президенті Владимир Путиннің саясатына көзқарасы туралы. Бұл жайында baq.kz хабарлайды.

Британияның премьер-министрі Тереза Мэй туралы айтылатын сын көп. Бірі Брекситті өте нашар идея дейді. Енді бірі оның кабинет мүшелерінде жеке және саяси жанжалдың көп болатынын айтады. Тіпті, ол тағайындаған сыртқы істер министрі Борис Джонсонның да соңғы кездері қабағы қатулы көрінеді.

Бірақ, бір анығы – Тереза Мэй демократия көшбасшысы ретінде халықаралық құқыққа, адам құқығына, азаматтық бостандық пен ой еркіндігіне, сөз еркіндігіне мән бермейтін эгоист адамның сөздеріне қалай жауап беру керектігін біледі! Жоқ, мен айтып отырған адам Трамп емес!

«Ресейдің әрекеттері халықаралық тәртіпке қауіп төндіріп тұр», деді Тереза Мэй Лондон мэрінің банкетінде. Премьер-министр Кремльге қатаң үндеу жасады.

«Мен бұл әрекеттердің сипаты мен масштабы туралы нақты айтқым келеді. Ресейдің Қырымды заңсыз басып алуы — Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада бір тәуелсіз елдің екіншісінің территориясын күштеп басып алған бірінші жағдай. Одан кейін Ресей Донбастағы зорлық-зомбылықты көбейтті, бірнеше рет Еуропа елдерінің әуе кеңістігі шекарасын бұзды, тұрақты түрде киберқылмыс кампаниясын жүргізіп отырды. Оның ішінде сайлауға араласып, Данияның қорғаныс министрлігін, Бундестагты, басқа да ұйымдардың жүйесін бұзды. Ресей батыстың институттарын әлсіретіп, батыста алауыздық тудыру мақсатында мемлекеттік медиа ұйымдарын фотошоппен өңделген суреттермен, жалған ақпараттармен қамтып жатыр».

Бұл Мэйдің Кремльге қарата айтқан «тым қарапайым» хабарламасы.

«Біз Ресейдің не істеп отырғанын білеміз, және әрі қарай ол әрекеттерді жалғастыруға жол бермейміз. Себебі, сіздер біздің демократияның, ашық және тәуелсіз қоғамымыздың қаншалықты тұрақты екенін білмейсіздер» деді Мэй.

Трамптың Ресейге айтқаны да қарапайым: Не істегің келсе, соны істе! Оның ойынша, Путин Американың сайлауына араласпағанын «шын жүрегімен» жоққа шығарған және ол туралы айтып шаршаған. Трамп Путинмен адам құқығы туралы мәселе көтеруге тырыспайды. Тіпті, Путин қанқұйлы диктаторлықты арттырғысы келетін Сирияда Трамп Ресеймен бірге жұмыс істегісі келеді.

Конгресс 1 қазан күнін Ресейдің америкалық демократияға қарсы кибершабуылына байланысты мемлекетке қарсы санкцияларға қатысты нақты шешім шығаратын күн ретінде белгілеген болатын. Бірақ Трамптың әкімшілігі бұл күнде елеп-ескермеді де! Оның орнына АҚШ президенті өз уақытын басқа ресейліктер мен Трамп көмекшілерінің байланысы туралы тергеуге арнады. Соған қарамастан, күн санап дәлел табылып, ондай байланыстың бар екені анықталып жатыр.

Трамп президенттікке кандидат кезінде Барак Обаманы Қырым аннексиясына қатысты айыптаған еді. 2016 жылдың тамыз айында АВС каналына берген сұхбатында Трамп «Менің естуімше, Қырым тұрғындары Ресеймен бірге қалғысы келеді. Оған да назар аудару керек» деген болатын.

Путиннің Ресейдегі сөз бостандығы мен адам құқығын тұрақты түрде шектейтінінен хабарсыз Трамп оның Обамаға қарағанда жақсы лидер екенін айтып, мақтау сөзін де аямады. Ал Трамптың БҰҰ-да сөйлеген сөзінде «Алдымен өз елдеріңізді бірінші орынға қою керексіздер» дегені, тіпті, Путин секілді диктаторлардың АҚШ-тан көптен бері күткен сөзі екені анық.

Трамптың әрекетінен тек Мэйдің ғана емес, Кеңес үкіметі мен коммунизмге қарсы болған Рональд Рейганның да ойына қарсылық байқалады.

Рейган Михаил Горбачев Кеңес билігін кеңейтуге емес, қысымға алуға тырысады деген сенімде болды. Бірақ ол Ресейдің батысқа қаупін ешқашан ұмытқан емес. Әлемдегі бейбітшілік үшін, Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты сақтау үшін Рейган Горбачевпен жақсы қарым-қатынаста болса да, ол Ресейге қысым көрсетуді доғармады. Ол әлемнен Ресейді қорғап қалуға тырыспады да!

Трамптың Ресейдегі адам құқықтары туралы айтудан қашатынын да байқауға болады. Ал ақпан айында Билл О’Рейли Трампқа Путиннің адам өлтіргіш екенін айтқанда, АҚШ президенті: «Киллерлер өте көп. Олар бізде де аз емес! Біздің мемлекетті бейкүнә деп ойлайсыз ба?» деген еді. Сонымен қатар қазан айында Трамптың әкімшілігі адам құқықтары талаптарынан бас тартып, 5 млн доллар тұратын жойғыш ұшақтарды сатты. Бұл туралы сұрақ қойғандарға Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Г.Р. Макмастер «Бұл мәселе туралы айғайлап айту проблеманы шешуге қалай көмектеседі»? деп кері сұрақ қойды.

Ал ақиқатында, Рейган Берлинге бара жатып «Горбачев, мына қабырғаны бұзыңыз» деп айғайлаған болатын!

 

Ұқсас ақпараттар

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 95-ке жетті

admin_mugalzhar

Ақтөбеге жаңа автобустар келді

admin_mugalzhar

Ғалымдар ауада тірі коронавирустардың жүретінін анықтады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.