«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАНЫМНЫҢ БІР БӨЛШЕГІ – ПОЭЗИЯ

Аудандық мәдениет үйінде “Poetry time” поэзияға жаны құмар оқырмандар клубының “Жанымның бір бөлшегі — поэзия” атты қорытынды концерті өтті.

Шара жүргізушілері жастардың кітап оқуға ынтасын арттыру, шығармашылық қабілеттеріндамыту, поэзиямен көркем тілге деген сүйіспеншілігін ояту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында құрылған клуб мүшелері жыл бойы оқушылар мен студенттер арасында поэзия кештерін ұйымдастырып, жергілікті ақындармен кездесу өткізіп, түрлі тақырыпта дөңгелек үстелдер өткізгенін жеткізді. Концерт барысында оқушылар елімізге белгілі ақын-жазушылардың сырға толы өлеңдерін нақышына келтіріп орындап, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.

Олар оқыған ана туралы монологтар көрермендердің жүрек қылын қозғап, жанын тебірентіп, көздеріне жас алдыртты. Сонымен қатар Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының “Келбет”оқушылары театрының дайындаған “Қош махаббат” қойылымы көрермендердің көңілінен шығып, ду қол соқтырды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары орындаған әсем әндер поэзия кешінің сәнін кіргізді. Шара соңында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәуле Хамзина сөз сөйлеп, жыр сүйер қауымды құттықтап, аталған клуб жұмысына белсенді араласқан мүшелерін және жастарды құттықтап, Алғыс хат тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылардың тізімі жарияланды

admin_mugalzhar

Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?

admin_mugalzhar

МҮМКІНДІК КӨП ЖАСТАРҒА, ІСКЕ ОНЫ ЖАРАТСА…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.