«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ПРЕЗИДЕНТ МАҚАЛАСЫ БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ БАСУҒА ҮНДЕЙДІ

Мемлекет басшысының «ANA TILI» газетіне берген «Мақсатым — экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбатын оқып шықтым. Президент көптің көкейінде жүрген сұрақтардың барлығына жауап берген екен.

Келелі сұхбатта қазақ халқының басты проблемалары бүкпесіз талқыланды. Көпшілікке жағатын тұсы да осы. Мақалада Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, Таза Қазақстан акциясы, Заң мен тәртіп жобасы және жастарға қатысты өзекті тақырыптар көтерілді.

Ал енді біз өзіміз ел болып, жұрт болып 2025 жыл маңызды болсын десек, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз қажет. Еңбекқорлыққа, білімпаздыққа, жаңашылдыққа ұмтылып, өмірге байсалды, байыпты қарасақ деймін. Бар күш-жігерімізді бірлік пен тірлікке жұмсайық. Сонда ғана Президент айтып отырған айрықша жылға өз үлесімізді қосамыз. Сұхбат барысында айтылған көп дүниелер әрқайсымызға сабақ болуы тиіс. Өскелең ұрпақты татулыққа, тірлікке, бірлікке тәрбиелеу жолында өз үлесімізді қосамыз деп ойлаймын.

Құрал Байсұлтанов, Мұғалжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Ұқсас ақпараттар

Фарида КУЖАТОВА: МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАҒАНЫМА ӨКІНГЕН ЕМЕСПІН

admin_mugalzhar

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

ЖЕКЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КІТАПШАЛАРДЫ БЕРУ, ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.