Warning: Undefined array key 0 in /var/www/vhosts/mugalzhar.kz/httpdocs/wp-content/themes/themes_mugalzhar/functions.php on line 240
«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАСТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

Мұғалжарлық жастар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсенді үлестерін арттыратындарын жеткізді. Олар жылдың басынан бастап жобаның тиімділігін арттыруға арналған жоспарларымен бөлісті. Осыған орай аудан әкімі Дархан Ермағанбетов мұғалжарлық белсенді жастармен, колледж студенттерімен кездесті.

Кездесудің негізгі мақсаты — ауданның қалаларымен елдімекендерін абаттандыру бойынша идеялар пулын қалыптастыру, жастарды қоғамдық қызметке тарту, билік пен белсенді жастар арасындағы серіктестікке негіз жасау.

Кездесу барысында аудан басшысы жастарға қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға өз идеяларын ортаға салып, талқылауға шақырып, жастардың ой-пікірлерін тыңдады.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жыл бойына жүзеге асырылады. Басты мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Ұқсас ақпараттар

ШЕҢГЕЛШИ АУЫЛЫНА АУЫЗ СУ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

Ақтөбеде Президенттік шырша өтті

admin_mugalzhar

«АЙЫРЫҚ АЙШЫҚТАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar