Әлеуметтік желіде Қандыағаш қаласындағы «Самал» бөбекжай-бақшасында таңғы ас уақытында балаларға арналып пісірілген ботқа ішінде құрттардың жүрген видеосы тарап, шу шыққаны белгілі.
Аталған оқиға «Самал» бөбекжай-бақшасында осы айдың 13-і күні анықталған. Асхана қызметкерлері астағы жәндіктерді көрген бойда таңғы ас беруді дерек тоқтатқан. Сол күні Мұғалжар аудандық прокуратурасының хаты негізінде аудандық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасының мамандары «Самал» бөбекжай-бақшасына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, тәуліктік тағам сынамасын, яғни сұлы ботқасын көзбен көріп, бақылау кезінде жәндіктердің бар екені анықталған.
—Басқарма мамандары зертханаға сынама алып, тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеу хаттамасының нәтижесіне сәйкес сұлы үлпектерінің сынамасынан тірі зиянкестердің барын анықтады. Жоспардан тыс тексеріс қорытындысы бойынша 2025 жылдың 17 қаңтарында заңды тұлғаға қысқартылған іс жүргізу тәртібінде 452 180 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұзушылықты жою туралы да нұсқама берілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы№140 қаулысын негізге ала отырып, қауіпті тағам өнімдерін жою туралы комиссиясы құрылып, қапшықтағы 19 келі 350 гр «Геркулес» сұлысының жармасы жойылды. Комиссия құрамына Мұғалжар аудандық инспекциясының басшысы қосылып, малға жарамды деп танылғандықтан, жою тәсілі малғаазықретіндеберілді, — деді аудандық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Бүркітұлы.
Н.ТІЛЕП