«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕЛІМІЗДЕ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ 2,3 МЛН АДАМ ЕКПЕ АЛДЫ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алыңында өткен брифинг барысында ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
Яғни, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде оба, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратиф, құтыру және өзге де 16 жұқпалы ауру бойынша жағдайлар тіркелмеген.
Жедел респираторлы вирусты инфекция және тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық маусымы жалғасуда. Жалпы республика бойынша осы жылы эпидемиологиялық маусымдағы сырқаттанудың өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмендеуі байқалады. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері тұмаудың зертханалық расталған 1686 жағдайы тіркелген. Жалпы республика бойынша тұмауға қарсы 2,3 млн адам егілді, бұл республика халқының 11,6%-ын құрайды,-деді ол.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы: Референдум — ел тағдырын халықпен шешудің жолы

admin_mugalzhar

Спорт бәріне ортақ: Ақтөбе облысында бұқаралық спорт пен салауатты өмір салты белсенді дамуда

admin_mugalzhar

Жеті әскер спортшысы Италияда өтетін қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды

admin_mugalzhar