«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл Ақтөбеде 14 «жайлы мектеп» ашылады

Облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 11 400 орындық 14 мектептің құрылысы жоспарланған. Бұл мақсатқа 3 жылда Ұлттық қордан 71,2 млрд теңге бөлінді. Ақтөбе облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, 2300 оқушыға арналған 2 мектептің құрылысы аяқталды. Ақпан айында қолданысқа беріледі.

«Президент тапсырмасын орындау аясында өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша мектептер құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда Ақжар-2 тұрғын алабында 300 орындық, Есет батыр-3 тұрғын алабында 2000 орындық мектептердің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып тұр. Осы ақпан айында қолданысқа беріледі. Қалған 9100 орындық 12 мектеп жыл соңына дейін аяқталуы тиіс» — дейді басқарма басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев.

Айта кетейік ұлттық жоба бойынша салынып жатқан жаңа мектептер облыс орталығының Батыс-2 шағын ауданында, Жаңақоныс-2, Бауырластар-3, Сазды, Саяжай-1, Есет батыр, Оңтүстік-батыс-2 тұрғын алаптарында, сондай-ақ, Темір, Мұғалжар, Мәртөк аудандарында бой көтеруде.

Ұқсас ақпараттар

2022 жылы 412 мың нәресте дүниеге келді

admin_mugalzhar

Ғалымдар коронавирусты бір секундта жойып жіберетін әдісті тапты

admin_mugalzhar

ҚҰМСАЙ: ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН СУ ЖҮЙЕСІ ҚОСЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.