«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНДА ҚЫМБАТШЫЛЫҚ БАЙҚАЛАДЫ

Ұлттық статистика бюросы осы жылдың қаңтарында инфляция деңгейі 1,1 пайызды құрағанын мәлімдеді. Осыған сай дүкен сөрелеріндегі азық-түлік тауарларының бағасы 1,4 пайызға көтерілді. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 0,6 пайызға, ақылы қызметтер 1,1 пайызға өсті.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары аптасына бір мәрте аудан орталығы Қандыағаш қаласындағы «Дина» супермаркетін, «Айгерім», «Ырыс» дүкендерін аралап, мониторингтік жұмыстарын жүргізетінін айтты. Олардың берген мәліметіне сенсек, өткен жылға қараған дүкендердегі сатылып жатқан азық-түліктердің бағасы өскендігі байқалады. Бүгінде аталған дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға жататын күріш орташа есеппен 438 теңгеден, 1 сұрыпты бидай ұны 174 теңгеден, қарақұмық 205 теңгеден, макарон өнімдері 330 теңгеден, сиыр еті 2800 теңгеден, тауық еті 1490 теңгеден, майлылығы 2,5 сүт 540 теңгеден, сүзбе 1117 теңгеден, тауық жұмыртқасы 530 теңгеден, сары май 2617 теңгеден, қырыққабат 224 теңгеден, пияз 182 теңгеден, сәбіз 216 теңгеден, картоп 380 теңгеден, сұйық май 650 теңгеден, қант 372 теңгеден, тұз 67 теңгеден сатылуда.

Н.ТІЛЕП

 

Ұқсас ақпараттар

Енді туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады

admin_mugalzhar

МЕКТЕПТЕРДІ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУМЕН ҚАМТУ БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar

Жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қалай болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.