«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

“КӨКТЕМ-2025”: ТАСҚЫННЫҢ АЛДЫН АЛУ — МАҢЫЗДЫ!

Аудан орталығы Қандыағаш қаласында “КӨКТЕМ-2025” республикалық командалық оқу-жаттығу өтті. Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Жомарт Бақыткелді қатысып, азаматтық қорғаныс қызметтерінің саптық тексерілісіне куә болды.
Саптық тексеріс барысында көктемгі су тасқыны орын алған жағдайда тартылатын арнайы техникалар мен құрал-жабдықтардың дайындығы қаралып, жүйелі жұмыстардың жоспары пысықталды.
Оқу-жаттығу кезінде Қандыағаш қаласы бойынша қалаішілік қар шығару мен арықтарды тазалауға жауапты мекемелердің техникалары көрсетілді. Атап айтатын болсақ, тас жолдарды қырып, қар күрейтін, оны сыртқа тасымалдайтын, қар суын соратын, төтенше жағдай кезінде пайдаланылатын арнайы ауыр көліктер болды.

Қала әкімі Қазбек Аққайыр бүгінде қала аумағын қардан тазалауға екі мекеменің жауапты екенін жеткізді. Олар — “ТранзитПром” және “Қалау+” ЖШС-тері.
Қала аумағындағы көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүйелі атқарылуда. Автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдары уақытылы тазаланып жатыр. Көктем кезінде су басу жағдайын болдырмау үшін қала көшелеріндегі қар үйінділерін сыртқа шығару — өте маңызды. Сол себепті қала әкімдігі тарапынан қосымша 500 рейс қар шығаруға және суағарларды тазалауға қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталында хабарландыру жарияланды. Бүгінде мердігерлер анықталды. Алдағы уақытта бекітілген жоспар бойынша жұмыстар жүргізіледі, — деді қала әкімі Қазбек Аққайыр.

Ұқсас ақпараттар

САЯСИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ: СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Жыл басынан бері Қазақстанда ана мен баланы әлеуметтік қолдауға 190 млрд теңге бөлінді

admin_mugalzhar

КЕЗДЕСУ ЕКПЕ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛДЫ

admin_mugalzhar