«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда «Әкімдер мектебі» жұмысын бастады

Енді әкімдер Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қабырғасында біліктілігін арттырады, деп жазады Egemen.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

«Әкімдер мектебінің» филиалдары облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда есігін ашады.

Оқыту жобасы экономика, мемлекеттік басқару, бюджеттік жоспарлау, коммуналдық меншікті басқару, цифрландыру, тәуекел-менеджмент, кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялар тарту саласында 17 модуль мен 240 академиялық сағатты қамтиды. 

2023 жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің пилоттық сайлауы өтті. Барлық өңірлерде 45 әкім сайланды. Биылдан бастап барлық ауданның әкімі тікелей сайлау арқылы ғана қызметке кіріседі. Осыған байланысты, бүгінгі «Әкімдер мектебін» іске қосу уақтылы әрі орынды шешім деп санаймын. Біліктілікті арттыру бағдарламасы ауылдық аймақтардың дамуына жаңа серпін беріп, халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді», деді жиынға қатысқан вице-премьер Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Аmanat» партиясының оң тәжірибесін ескере отырып, МҚІА-мен бірлесіп сайланған әкімдер мен түрлі деңгейдегі басшыларды кешенді даярлау бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын.

Ұқсас ақпараттар

ЕЛАМАН – САМБО КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанға келген туристер саны 2,3 есе ұлғайды

admin_mugalzhar

Әзербайжан мен Армения Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.