«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде 100 әже мен 100 келін ұлттық құндылықтарды дәріптеді

Ақтөбе өңірінде жалпыұлттық Наурызнаманың онкүндігі аясында бірқатар шара ұйымдастырылуда. Облыс орталығында 14 наурыз Көрісу күніне орай, «Амал келді – жыл келді» атты мерекелік бағдарлама өтті.

🔹 Шараның ерекшелігі сол — ақ кимешек киген 100 әже және ақ орамалды 100 келін Ақтөбе көшелерімен жүріп өтіп, тұрғындарды таңғалдырды.

✨ Мерекелік бағдарлама қазақ мәдениетінде айырықша орын алатын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан маңызды дәстүр «Бастаңғы» көрінісімен басталды. Әрі қарай көш керуенімен ұласты. Тарихымыз бен мәдениетіміз сән-салтанат құрған көш-керуенді «Қазақ аналары — дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі, Ақтөбе облыстық филиалының аналары, Алматы ауданының аналар кеңесі, аналар алқасы, Алматы аудандық ақсақалдар алқасы бастады.
Ақжаулық әжелер алаңда жиналған жұртпен амандасып, Көрісу дәстүрін көрсетті, келіндер үлкендерге сәлем етті.

Ұлттық құндылықтарымыз дәріптелген шара соңында ақтөбеліктер жайылған дастарқаннан, Наурыз көжеден дәм татты. Одан бөлек, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстарға қатысыр, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

@emergovkz / t.me / insta / fb / tiktok

Ұқсас ақпараттар

В Кандыагаше появилось инватакси

admin_mugalzhar

Балалардың игілігі – мемлекеттің басым міндеті: Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.