«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

1 сыныпқа құжат қабылдау сәуірде басталады

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1-сәуірде басталады.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, ата-аналардың өтініші бойынша балалар мектепке 6 жастан бастап қабылданбақ. Құжаттарды egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы және қағаз нұсқада 31 тамызға дейін тапсыруға болады. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

🗂️Қажетті құжаттар тізіміне тоқталсақ, ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші, №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтамасы және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты. Сондай-ақ 3х4 өлшемді 2 сурет керек.

Ал егер Сіз шетел азаматы болсаңыз, ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Мектепке елімізде ұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынғаны жөн.

Айтып өтейік, бүгінгі күні Ақтөбе өңірінде 433 мектеп жұмыс істейді, оның 22-сі – жеке мектептер.

2025-2026 оқу жылында 19 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады деп жоспарланып отыр.

@emergovkz / t.me / insta / fb / tiktok

Ұқсас ақпараттар

«КҮМІС ЖАС»: ЕГДЕ ЖАСТАҒЫЛАРҒА МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

Су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден төленеді

admin_mugalzhar

АЭС ТАҚЫРЫБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.