«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАСТЫ НАЗАРДА — БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ

Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына келді.

Сапар аясында аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, Мұғалжар балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, Сағашилі ауылында салынған жаңа спорт кешенінің жұмыстарымен таныстырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын.

Басқарма басшысы Президенттің тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысында спортқа қолжетімділікті арттыру, талантты жастарды қолдау және инфрақұрылымды нығайту бағытында жүйелі жұмыстардың жалғасатындығын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Жас қазақстандықтар «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясына қатысуда

admin_mugalzhar

ӨНЕРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР ЖАРАДЫ

admin_mugalzhar

Ерлан Саиров: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін тетіктер қарастырылды

admin_mugalzhar