«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҮЗДІК АУЛА», «ҮЗДІК КӨШЕ», «ҮЗДІК ПОДЪЕЗД» БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Мұғалжар ауданының әкімдігі “Таза Қазақстан ” экологиялық акциясы аясында Қандыағаш, Ембі, Жем қалаларының көппәтерлі тұрғын үйлер арасында “Ең үздік аула”, «Ең үздік подъезд», қалалық және ауылдық округтердегі жеке тұрғын үйлер арасында «Ең үздік көше» байқауын өткізеді. Бұл байқау екі айлық сенбілік жұмыстары аясында ұйымдастырылады.

Акцияның басты мақсаты — ауланың, көшенің жалпы санитарлық тазалығын сақтау, аулаға, көшеге жасыл желек отырғызу, сонымен қатар, аулаішілік элементтерді жаңарту.

Құрметті жерлестер! Қаланы, елді мекендерді көркейту, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту өз қолымызда!

Акцияның қорытындысы бойынша түрлі номинациялар табысталатын болады. Байқауға белсене қатысуға шақырамыз!

Құрметпен, Мұғалжар ауданының әкімдігі.

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде «JumysTAP» жобасы аясында халық көп шоғырланатын жерлерде жұмыс іздеген жастарға кеңес беру-модульдік пункттері ашылды

admin_mugalzhar