«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр «Жастық» шағын ауданының 49 «Б» үйінің тұрғындарымен кездесіп, оларды толғандырған мәселелерін тыңдады.
Бұл кездесудегі қозғалған негізгі мәселенің бірі – тұрғын үйді толығымен жаңғырту (модернизация). Одан бөлек тұрғындар тарапынан қоқыс контейнерлерінің орналасуы мен қаңғыбас иттердің көбею мәселесі көтерілді. Сонымен қатар тұрғын үйдің ауласын абаттандыруға қатысты да сұрақтар қойылды.
Кездесу барысында қала әкімі қаланы кезіп жүрген қаңғыбас иттерге байланысты жүйелі жұмыстар жүргізілетінін, жауапты мердігер анықталғанын алға тартты. Ал модернизацияға қатысты сұраққа Қазбек Аққайыр: «Биыл қала бойыншы жаңғырту жұмыстары үш тұрғын үйге жүргізіледі. Бірақ олардың ішінде 49 «Б» тұрғын үйі жоқ. Бірақ алдағы уақытта қарастыратын боламыз», — деді.
Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдар бойынша барлық сұрақтарға қала әкімі толық жауап беріп, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмаларды жүктейтінін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Мемқызметте басшы лауазымдағы әйелдердің үлесі 40 пайызды құрайды

admin_mugalzhar

АЛТЫНДЫ АУЫЛЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Бүгін Көрісу күні

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.