«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ ҚЫЗДАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

19-20 сәуір күндері Ақтөбе қаласында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай және ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, ҚР спорт шебері А.Джиембаевтың жүлдесіне арналған дзюдо күресінен 2009-2010 ж.т. жасөспірімдер мен қыздар арасында республикалық ашық турнир өтті.
Осы турнирге қатысқан Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жүлделі орындардан көрінді. Атап айтсақ, 40 келі салмақта Рузанна Төлепберген, 44 келі салмақта Әмина Боранбай және 63 келіде Ақжібек Жұмабай ІІІ орындарды иеленді.
Турнирдің қорытындысы бойынша Ақжібек Жұмабай «Спорт шеберлігіне үміткер» нормативін орындады.

Ұқсас ақпараттар

Президент ТМҰ бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды

admin_mugalzhar

БАТПАҚКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar