«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда күн күрт суытып, үсік жүреді

«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, 29–30 сәуір күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында үсік болуы мүмкін.

Сонымен қатар 30 сәуір мен 1 мамыр аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау және Абай облыстарында түнгі уақытта ауа температурасының нөлден төмен түсуі болжанып отыр.

Ал бүгін түнде елордада қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар көшкіні қаупі бар. Синоптиктер таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.

Ұқсас ақпараттар

Облыс әкімі Ақтөбедегі су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысын тексерді

admin_mugalzhar

БІРІНШІ ОРЫН — МҰҒАЛЖАРДА

admin_mugalzhar

Мұғалжар ауданы инвестициялық және инфрақұрылымдық әлеуетін кеңейтуде

admin_mugalzhar