«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САЗ ӘЛЕМІНІҢ САРДАРЫ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Ақтөбе қаласында Мұғалжар ауданы әкімдігінің қолдауымен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, композитор, дирижер, Қазақстанның халық артисі, академик Ахмет Жұбановтың шығармашылығына арналған «Саз әлемінің сардары» атты республикалық байқауы өтті.

Ахмет Жұбановтың шығармашылығын насихаттауға бағытталған байқауға Астана, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 17 өнерлі жастар қатысты.

Байқау алғаш рет республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, жүлделі орындарға таласты.

Байқаудың қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов Дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапаттады.

Ұқсас ақпараттар

ЖЕМ СТАНЦИЯСЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРА ӨТТІ

admin_mugalzhar

Ел мектептерінде соңғы қоңырау 25 мамырда соғылатын болды

admin_mugalzhar

Eurovision-2025 ән байқауының жеңімпазы анықталды

admin_mugalzhar