«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Округке әкім тағайындалды

Жуырда аудандық мәслихаттың 11 депутатының дауыс беруімен Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі сайланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округтің  әкімі қызметін атқарған Жұматай Бисеновтың басқа қызметке ауысуына байланысты бұл округке жаңа әкімді тағайындау мақсатында «Мұғалжар ауданы бойынша шығып қалған Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауын белгілеу туралы» қаулысы жарияланды. Содан бастап Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округтің әкімі қызметіне 4 үміткер ұсынылған болатын. Олар — «Орқаш-А» ЖШС-нің бас инженері және Темір орман шаруашылығының Жұрындағы бөлімшесінің орманшысы Камшат Ермағамбетов, Ақкемер ауылдық округі әкімі аппаратында қызметтегі Тимур Байжанов, Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің директоры Медет Шарипов, Мұғалжар ауданы әкімінің бас инспекторы Рустем Ахметов. Халық қалаулылары аталған ауылдық округ әкімінің қызметіне Камшат Ермағамбетовты лайықты деп таныды.

 Алтын СҮЛЕЙМЕН

Ұқсас ақпараттар

«МҰҒАЛЖАР» — ЕҢБЕК ЖОЛЫМНЫҢ БАСПАЛДАҒЫ

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА КӘСІПҚОЙ БОКС ӨТЕДІ

admin_mugalzhar

Қандыағашта жастарға арналған үлкен саябақ пен Жастар үйі салынатын болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.