«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МУЗЕЙ ТҮНІ ӨТТІ

18 мамыр — Халықаралық музей күніне орай бүгін аудандық тарихи-өлкетану музейінде музей түні өтті.

Аталған шараға Ембі қаласынан арнайы келген Рабиға Құрманғалиқызы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Жұмагүл Асабаева және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қала тұрғындары қатысып, әжелерден құралған “Асыл дария” ансамблі мүшелерінің және өзге де өнер иелерінің өнерін тамашалады.
Кеш жүргізушісі музей тарихынан тәбәрік тартып, бүгінінен сыр шертті. Ол 2006 жылы бар-жоғы 600-ге жуық жәдігерден жинақталып ашылған музейде бүгінде 5000-нан астам жәдігердің жинақталғанын айтты.

Салтанатты жиын барысында Рабиға Құрманғалиқызы мен Жұмагүл Асабаева сөз сөйлеп, өткен тарихымызды білу үшін музейдің алар орны ерекше екенін атап көрсетіп, музей қызметкерлеріне құрмет көрсетті.
Музей ұжымы жылдағы дәстүрінен жаңылмай, “Бауырсақ party” ұйымдастырып, кеш қонақтарына бауырсақ таратты.
Шараның көрігін қолөнершілердің қолынан шыққан түрлі бұйымдар кіргізді. Олар өздері дайындаған бұйымдарының жасалу жолымен, тарихымен таныстырып, жиналғандардың ыстық ықыласына бөледі.
Шара соңында музей директоры Шамшат Әбдірзақ жиналғандарға ризашылығын білдіріп, музей түнінің ойдағыдай өтуіне атсалысқан жандарға Алғыс хат тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

ӘДІЛЕТ — ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

admin_mugalzhar

«МҰҒАЛЖАР» — ТАРИХ АЙНАСЫ

admin_mugalzhar

ҮЙЛЕНУ ОҢАЙ, ҮЙ БОЛУ ҚИЫН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.