«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СОҒЫЛДЫ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Аудан мектептерінде 2024–2025 оқу жылының соңғы қоңырау салтанаты жоғары деңгейде өтті. Мерекелік шараға мектеп түлектері, ұстаздар, ата-аналар мен құрметті қонақтар қатысты.

Биылғы оқу жылында аудан бойынша 37 мектепте 12 741 оқушы білім алды. Оның ішінде 671 түлек 11-сыныпты, 1 156 оқушы 9-сыныпты, ал 1 270 оқушы бастауыш сыныпты аяқтады.


Соңғы қоңырау мерекесіне мектепті әр жылдары тәмамдаған түлектер де арнайы шақырылып, шараның маңызын арттыра түсті. Атап айтқанда, Қандыағаш қалалық №4 орта мектебіндегі мерекелік жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, осы мектептің 30 жыл бұрынғы түлегі Қазыбек Әлішев, Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов және ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты.


Мектеп ауласында өткен «Мектебім, саған, мына әнім» атты салтанатты жиында мектеп бітіруші түлектер қоштасу әндерін шырқап, соңғы вальс билеп, көрермендердің көңілін толқытты.
Салтанатты жиыннан кейін 10, 15, 20, 25 және 30 жылдық түлектер мен аудан әкімі мектеп ауласында естелік ретінде тал егіп, ізгі дәстүрді жалғастырды. Одан соң мектеп директоры Гүлмира Мусина бастаған ұжым қонақтарға мектеп ғимаратын көрсетіп, оқу кабинеттерімен таныстырды.
Мектеп қабырғасында оқушылардың ғылыми жобалар көрмесі, спорттық жарыстар, робототехника кабинетіндегі жұмыстар көрсетіліп, ән мен биден қойылымдар ұйымдастырылып, келген қонақтарға ерекше әсер сыйлады.
Шара соңында мәжіліс залында түлектерге арналған оқушылардың дайындаған мерекелік концерті ұсынылып, келген қонақтардың көңілін көтерді. Ал түлектер ұстаздарымен қауышып, жүрекжарды лебіздерін білдіріп, мектептегі естеліктерімен бөлісті.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда 50 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

admin_mugalzhar

“Қоғам өмірінен ешкім де тыс қалмауы керек”

admin_mugalzhar

КТО СКРЫВАЕТСЯ ЗА КАДРОМ?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.