«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Мұғалжар» газетінің жүлдесі үшін «Мұғалжардың келіні» байқауы жарияланады

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес,  «Мұғалжар» газетінің жүлдесі үшін «Мұғалжардың келіні» байқауы жарияланады.

Байқаудың талабы бойынша, байқауға қатысатын келіндер редакцияға қазақы келіннің образын көрсететін фото суреттерін, өзі туралы қысқаша мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы және байланыс телефоны), сонымен қатар, «Сіздің түсінігіңізше: қазақтың келіні қандай болуы керек?» деген сауалға өз ойын қысқаша жазып жолдайды.

Байқау ақпанның 9-ы мен наурыздың 22-і аралығында өтеді. Қорытындысы  Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесінің қарсаңында жарияланады. Жеңімпаз бағалы сыйлықпен марапатталады.

Байқауға байланысты арнайы комиссия мүшелері құрылады. Комиссия мүшелері туралы ақпарат газетіміздің келесі сандарында жарияланатын болады.

«Мұғалжардың келіні» атағына лайықты болғыңыз келсе, қатысыңыздар!

Мәлеметтерді жолдау үшін: mugalzhar.gazet@mail.ru.

WhatsApp нөмірі: 8777 434 60 85.

Қосымша мәлімет үшін байланыс телефонымыз: 3-47-14.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫ — БІЛІМДІЛЕРДІҢ ҚОЛЫНДА

admin_mugalzhar

Такси қызметіне орналастыру үшін 220 мың теңге алған Қандыағаш тұрғыны істі болды

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ НҰРТАС ӘЖБЕНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar