«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Алдағы төрт жылда 2,7 трлн теңгеге 77,5 мың км электр желісі жаңғыртылады

KAZINFORM – Елімізде 2029 жылға дейін 2,7 трлн теңгеге жалпы ұзындығы 77,5 мың км болатын электр желілері жаңғыртылады. Бұл туралы Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Асылжан Мусин айтты. 

Ұлттық жоба аясында 2,7 трлн теңгеге жалпы ұзындығы 77,5 мың км болатын электр желілерін жаңғырту көзделген. Келіп түскен өтінімдерді қарау нәтижесінде министрлік жалпы сомасы 89,7 млрд теңге болатын (оның ішінде 2025 жылға – 46,7 млрд теңге) 47 электрмен жабдықтау жобасын (1 000 км-ден астам желіні жаңғыртуға) қолдады, — деді ол Power Central Asia + China өңірлік энергетикалық форумында.

Сондай-ақ ол аталған 47 жобаны іске асыруға қажет негізгі материалдар мен жабдықтардың тізімі жасалғанын айтты.

— Электрмен жабдықтау саласы бойынша қажеттілік мыналарды құрайды:

— Сым өнімдері (кабель, сым) – 4 447 км;

— Электр беру желісінің компоненттері (тіректер, оқшаулатқыштар, бағандар, қосқыш муфталар, аспаптар) – 138 334 дана;
Трансформаторлар – 318 дана;

— КРУ, КТПН, Қалқан – 286 жиынтық;

— Шағын станция компоненттері – 2 122 дана, — деді департамент басшысы.

Айта кетейік, 2029 жылға дейін қуаты 7,3 ГВт болатын қосымша генерация көздері іске қосылады.

Ұқсас ақпараттар

Демалыс күндері жұмысқа шыққан мемқызметшілерге қосымша ақы төленбек

admin_mugalzhar

«ДАМУ» ҚОРЫ — БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

KGIR 2022: Ералы Тоғжанов 735 миллион долларлық келісімдерге қол қойды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.