«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Еліміздің бүкіл өңірінде онкологтар тегін кеңес берді

Қазақ онкология институтында және еліміздің 20 өңірлік онкология орталықтарында бас, мойын және қуық асты безі обырын анықтау бойынша Ашық есік күндері өтті, — деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл күні барлық өңірдің тұрғындары онкоурологтардан, онкооториноларингологтар мен терапевтерден тегін кеңес және терапевтің жолдамасы мен МӘМС-тің болуына қарамастан диагностикалық емшаралар алды.

Айта кетейік, бас және мойын обыры әлемде таралуы бойынша 6-шы орында және жыл сайын осы дерттен 700 мыңнан астам адам қайтыс болады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда 2027 жылға дейін барлық ауыл ғаламтормен қамтылмақ

admin_mugalzhar

САЛАМАТ КҮМІС, ӘДІЛХАН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

admin_mugalzhar

АҚЫЛАЙЫМ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar