«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТРАКТОР ТІРКЕМЕСІНДЕГІ ШӨП ӨРТЕНДІ

Аудандық төтенше жағдайлар бөліміне Еңбек ауылдық округіне қарасты Басшилі ауылында трактор техникасының өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына шұғыл түрде барған құтқарушылар «МТЗ 80» маркалы трактордың екі тіркемесіндегі шөптің жанып жатқанын, оның далалық шөпке ауысқанын анықтап, сөндіру жұмыстарын жүргізген. Мамандар трактор мен тіркемелерге ешқандай зиян келмегінін жеткізді.
Алдын ала тексеру нәтижесі бойынша, өрттің шығуына трактордан ұшқан ұшқын себеп болып, қауіпсіздік ережелерінің бұзылғаны анықталған. «Абай» шаруа қожалығының иесіне ҚР ӘҚБтК 589 бабының 1 тармағы бойынша қысқартылған түрде айыппұл салынған.

Ұқсас ақпараттар

«ONER FESTIVAL»: МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН: ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

admin_mugalzhar

Бүгін – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні

admin_mugalzhar