«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл Ақтөбе облысында 464 шақырымнан астам жол жөндеуден өтіп, жаңартылады

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2025 жылдың алғашқы жарты жылында атқарған жұмыстарын қорытындылады. Басқарма басшысының орынбасары Есет Аманбаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында өңірдің жол инфрақұрылымын дамыту жөнінде баяндады.

Басқарма өкілінің айтуынша биыл облыстың автожол саласын дамытуға 59,9 млрд теңге бөлінді. Аталмыш қаражатқа 156 жобаны іске асыру жоспарланған, яғни 464,1 км жол жөндеуден өтіп, жаңадан салынады.

«2025 жылы облыс аумағында автожолдарды салу және жөндеу бойынша 156 жобаны іске асыру көзделген. Оның 36-сы жергілікті маңызы бар жолдар, 120 жоба қалаішілік және елдімекен ішіндегі жолдар. Аталған жобалар толықтай іске асырылғаннан кейін жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі үлесі 82%-ге жетеді деп жоспарлануда» — деді Есет Аманбаев.

Айта кетейік, аймақтың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында соңғы 3 жылда жергілікті маңызы бар жолдар мен көше-жол желісінің 1,2 мың шақырымнан астамы жөнделді. Бүгінгі таңда облыстағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 4412 км құрайды.

Ұқсас ақпараттар

АРДАГЕР ВЕЛОШАБАНДОЗ ҚАНДЫАҒАШҚА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Судья және сот қызметкері күнімен құттықтауы

admin_mugalzhar

Биыл 150-ге жуық елді мекенге интернет қосылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.