«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САЛЫҚ КОДЕКСІНІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ КӨП

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жаңа Салық кодексі кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды. Есептіліктің 30 пайызға қысқаруы бизнеске шоғырлануға мүмкіндік береді. Салықтардың 20 пайызға азаюы жаңа кәсіпорындар ашуға ынталандырады. ҚҚС мөлшерлемесінің тұрақтануы бизнес жоспарлауды жеңілдетеді. Дәрі-дәрмекке және медициналық қызметтерге арналған төмендетілген ҚҚС халықтың сатып алу қабілетін арттырады. ТМККК пен МӘМС аясындағы қызметтердің ҚҚС-тан босатылуы денсаулық сақтау бизнесін де қолдайды. Кітап шығару мен археологияға жеңілдіктер мәдениет саласындағы жобаларға инвестицияны көбейтеді. Зейнетақы төлемдерінің ЖТС-тан босатылуы қаржы нарығына сенімділікті арттырады. Мүгедектігі бар адамдар үшін шегерімдердің көбеюі жұмысқа орналасуға ынта береді. Ауыл шаруашылығына арналған режимдердің жеңілдеуі ауыл бизнесін жандандырады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін мобильдік қосымша салық төлеуді жеңілдетеді. Бұл реформалар кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Қартжан Нарқозы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры, қалалық мәслихат депутаты

Ұқсас ақпараттар

2 МЫҢЖАС ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫНА ТАРТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

Тоқаев мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды

admin_mugalzhar

Қазақстанда 920 мың адам несие алудан ерікті түрде бас тартқан

admin_mugalzhar