«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Абай — руханияттың биік шыңы

Ембі қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны, данышпан ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған “Абай — руханияттың биік шыңы” атты мазмұнды рухани кеш өтті.
Шараға Ембі қалалық мәдениет орталығының қызметкерлері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Кеш барысында кітапханашы Абайдың өмір жолы мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, қара сөздері мен өлеңдерінің шығу тарихы жөнінде тың мағлұматтармен бөлісті.

Кештің әдеби бөлігі Абай шығармаларын мәнерлеп оқумен жалғасты. Б.Серікова “Қансонарда бүркітші шығады аңға” , З.Жолмырза “Ғылым таппай мақтанба”, А.Есмұхан “Өлең – сөздің патшасы” атты өлеңдерін әсерлі оқып, көрерменнің қошеметіне бөленді.
Іс-шара аясында “Абай өміріне сыр”, “Поэзия сәті”, “Сұрақ-жауап”секілді танымдық бөлімдер мен Абай өлеңдеріне арналған ребус және QR тапсырмалары ұйымдастырылды. Сонымен қатар Ембі қалалық мәдениет орталығы жанынан құрылған “Қарлығаш” вокал тобы “Желсіз түнде жарық ай”, “Айттым сәлем, Қаламқас”, ал “Ғұмыр” тобы “Көзімнің қарасы” әндерін орындап, кеш мазмұнын байыты түсті.
Кітапханашылар Б.Кунаева мен Т.Ермұхан өздерінің “Ұлы Абай” және “Абайға арнау” атты арнауларын оқыды. Сондай-ақ, “Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай” атты кітапша мен Абайдың қара сөздері көрерменге таратылды. Кітапхана қорындағы әдебиеттер негізінде “Абайдан қалған аманат” атты кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу ұсынылды.

Ұқсас ақпараттар

Елдегі дүкен сөрелерінде темекіні ашық сатуға тыйым салынады

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР: МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ 126 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР ҚАЙТАРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПОЖАР В ЧАСТНОМ СЕКТОРЕ ЭМБЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.