«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жыл басынан бері 29 мыңға жуық жұмыскердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 239 кәсіпорында 3,5 мыңға жуық жұмыскердің 1,3 млрд теңге жалақы берешегін анықтады.

Жүргізілген тексерулер барысында 4 мыңнан астам еңбек құқығының бұзылғаны анықталды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 2 287 ұйғарым берілді және 277 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, — деп жазылған хабарламада.

Қазірге дейін 3,4 мыңнан астам жұмыскерге 1,1 млрд теңге төленді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 25 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалған.

📺@qazaqstantv

Ұқсас ақпараттар

Жазғы мектеп: Соңғы шешімді ата-ана мен оқушы қабылдайды

admin_mugalzhar

ИНВЕСТОРЛАРМЕН ТИІМДІ ДИАЛОГ – ӨҢІРЛІК ДАМУҒА СЕРПІН

admin_mugalzhar

ТӘРТІП ПЕН ТӘРБИЕ

admin_mugalzhar